Қысқаша
конспект.
Тарихтағы ең ірі мемлекеттің бірі – Түрік
қағанаты. Түрік қағанатының шығу тегі жайлы дерек өте көп. Солардың
біразына тоқталамыз.
Махмұт Қашқари
«Түркі
елі 20 тайпадан тұрды, олардың бәрі Тәңірі
әзіз көрген Нұх пайғамбардың ұлы Иафестен және Иафестің ұлы
Түркіден тарайды. Тәңірі оларды «түрік» деп атады және оларды
мемлекетке ие қылды, заманымыздың хандарын түркілерден шығарып,
халықтың ақыл-еркін солардың қолына
ұстатты».
Қытай
жылнамалары
«Түркі мемлекетінің билеуші
әулеті Ашина деген рудан шыққан, ол әуелі ғұндардың бөлек бір
бұтағы. Кейін көрші мемлекеттер талқандап, тек бір бала ғана аман
қалады. Оның аяқ-қолын кесіп, айдалаға тастап кетеді. Кейін осы
баланы қасқыр асырап, аман сақтап қалады. Өсе келе баланың тұқымы
Ашина (қасқыр текті) атанады».
552 жылы Түрік қағанатын
Бумын басқарған кезде түркілер өздерін «Мәңгі ел» деп атаған.
Түркілер Бумынды «Елхан» деп атады. Бумын қаған билігі тұсында
түркілер 50 мың түтіндік елді бағындырған. Бумын өз
елінің дамып, гүлденген кезеңін көре алмады. Жужандарға (аварларға)
тәуелді болып тұрған кезде түркілер тауда өмір сүріп, темір
балқытып, қолөнермен айналысты.
Қағандардың әлеуметтік
құрылымы:
-
Қаған
-
Қаған сайлаған
ұлықтар
-
Ябғу, шад,елтебер,бұйрық,
тархан
-
Бектер
-
Қара
бұдундар
-
Таттар
Түрік қағанатының
туы
«Білу» дағдысына
негізделген тапсырма
(Т) Тапсырма 1. Жаңа
ұғымдармен жұмыс
Төмендегі берілген ұғымдарының
мағынасын ашыңыз
Ұғымдар
|
Мағынасы
|
Қағанат
|
|
Ашина
|
|
Ел
|
|
Бұдун
|
|
Бек
|
|
этникалық
сана-сезім
|
|
Дескрипторлар:
-
Қағанат сөзінің мағынасын
анықтайды;
-
Ашина
сөзінің
мағынасын анықтайды;
-
Ел сөзінің мағынасын
анықтайды;
-
Бұдун сөзінің мағынасын
анықтайды;
-
Бек сөзінің мағынасын
анықтайды;
-
Этникалық сана-сезім сөзінің
мағынасын анықтайды.
Бағалау. Мұғалімнің
бағалауы
«Түсіну» дағдысына негізделген
тапсырма
Мәтінмен
жұмыс.
(Т)
Тапсырма 2. Кестені
толтырыңыз.
Түрік қағанатының құрылуы мен
жер аумағы
|
|
Халқының этникалық
құрамы
|
|
Шаруашылығы мен
мәдениеті
|
|
Түрік қағанатының ыдырау
себептері
|
|
Дескрипторлар:
-
Түрік
қағанатының құрылуы мен жер аумағын анықтайды;
-
Халқының
этникалық құрамын анықтайды;
-
Шаруашылығы мен мәдениетіне сипаттама
береді;
-
Түрік
қағанатының ыдырау себептерін анықтайды.
Бағалау. Мұғалімнің
бағалауы
|