Материалдар / Реферат №2 ҚМЖ 6 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Реферат №2 ҚМЖ 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Реферат №2 ҚМЖ 6 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2024
136
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
250 тг 225 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

4-бөлім. «Мәтіндік құжатпен жұмыс жасау»

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Шығармашылық - практикалық тапсырмалар

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.2.3 авторға сілтеме жасайтын ақпаратпен ілестіру.

Ойлау дағдыларының деңгейі

    1. Жоғарғы деңгейлер.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Ақпаратты пайдаланғанда авторына сілтеме жасаудың маңызын біледі.

Көптеген оқушылар:

Мәтіндік редакторда сілтемелерді, гиперсілтемелерді, мазмұны, тақырыптар мен түсіндірмелерді ұйымдастырады.

Кейбір оқушылар:

Практикалық жұмыстар жасау арқылы авторға сілтеме жасайды.

Бағалау критерийлері

Авторға сілтеме жасалған электрондық кітап құрастырады.

Тілдік мақсаттар


Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Мәтіндік редакторда сілтемелерді, гиперсілтемелерді, мазмұны, тақырыптар мен түсіндірмелерді қалай ұйымдастыруға болады?

  • Ақпаратты пайдаланғанда авторына сілтеме жасау не үшін маңызды?

Құндылықтарға баулу

1. “Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.

4. Өмір бойы оқу, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, география

Алдыңғы білім

Реферат

Сабақ кезеңдері

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.


Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

(Ұ) «Шаттық шеңбері» әдісі. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып бір-біріне тілек айту арқылы, бір-бірінің көңіл күйін көтереді.

Мысалы: Сен бүгін әдемісің!

Топтастыру:

Конфеттер арқылы 2 топқа бірігеді. Оқушыларға конфеттер таратылады. Оқушыларды конфет түрлеріне қарай топтастырылады.

(Ұ) Ой қозғау.

  • Мәтіндік редакторда сілтемелерді, гиперсілтемелер, мазмұны, тақырыптар мен түсіндірмелерді қалай ұйымдастыруға болады?

  • Ақпапартты пайдаланғанда авторына сілтеме жасау не үшін маңызды?



Мақсаты: Өткен сабақтарда өтілген тақырыптар бойынша еске түсіріп, бүгінгі шығармашылық-практикалық тапсырмаларға дайындау.


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары

Сабақтың ортасы



8 мин.


(Т) №1-тапсырма:

«Еліміздегі ең ірі көлдер» тақырыбында берілген шағын мәтінде еліміздегі ірі көлдер жайлы деректер келтірілген. Бірақ мәтіннің авторы осы көлдердің ауданын жазуды ұмытып кеткен. Автордың берген мәтіндегі сөйлемдерінің орналасуын бұзбаяқ, көлдердің ауданын сілтеме (сноска) арқылы кірістір.



Дескриптор:

  • Берілген мәтінге сөйлемнің орналасуын бұзбайақ толықтыру енгізеді.

  • Толықтыруды сілтеме арқылы кірістіреді.

(Ж) №2-тапсырма:

Ежелгі қазақ даласын мекендеген түркі тілдес халықтарға тән және тарихи-рухани сабақтастығымызды білдіретін мереке-мейрамдардың арасында халқымыз үшін өзінің сүйікті мейрамы – “Жаңа жылы” – “Наурыз”.

Тапсырма: Гиперсілтемелерді пайдаланып, интернеттегі сайттардың арасынан Наурыз мейрамына арналған ресурстарды авторлық құқықты сақтай отырып, Word-та электрондық кітап құрастыр (1-сурет)

Дескриптор:

- Гиперсілтемелерді пайдаланады.

- Авторлық құқықты сақтайды.

- Word-та электрондық кітап құрастырады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары

Сабақтың соңы



7 мин.

Сабақты бекіту.

Рефлексия.

(Т) «Желпуіш» әдісі бойынша оқушылар А-4 түрлі түсті параққа желпуіш жасап, әрбір бөлігіне кезекпен түйінді идеялар жазып, кейін талқылайды.


Үйге тапсырма:

Өткен тақырыптардың бірінде (4.2 –тақырып. Прак-тикалық жұмыс) «Қызыл кітап» электрондық жобасы бойынша прак-тикалық жйәұмыс жасаған болатынсың. Жеке-жеке файлда орналасқан таңдаған жануарлар мен өсімдіктерің жайлы деректерді бір файлға жинақтап, оған Жануарлар мен өсімдіктер деп ату бер. Осы файлда әр жануар немесе өсімдік жайлы жинаған деректерді жеке –жеке беттерге сақта. Оглавление (Мазмұны) батырмасын пайдаланып, Жануарлар мен өсімдіктер файлының мазмұнын автоматты түрде құрастыр (2-сурет).

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары














Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!