Материалдар / Сабақтың тақырыбы: Нәруыздар, қасиеттері мен қызметтері (ПИЗА тапсырмасы)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақтың тақырыбы: Нәруыздар, қасиеттері мен қызметтері (ПИЗА тапсырмасы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Нәруыздар, қасиеттері мен қызметтері (ПИЗА тапсырмасы)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қырқүйек 2024
38
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
700 тг 630 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:


Сабақтың тақырыбы: Нәруыздар, қасиеттері мен қызметтері

(ПИЗА тапсырмасы)

Бөлім:

8.1В Молекулалық биология

Педагогтің аты-жөні:

Смет Гүлжамал Нұрыллақызы

Күні:

19.09.2024

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Нәруыздар, қасиеттері мен қызметтері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.4.1.3 нәруыздардың қасиеттері мен биологиялық қызметтерін сипаттау

Құндылыққа баулу

Талап құндылығы:

Сыни және креативті ойлау;

Жеке және командамен жұмыс істей білу;

Күтілетін нәтижесі:

Қоршаған орта тазалығынсақтайды;

Ізденімпаз, жасампаз тұлға.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) музыка қосулы: Оқушылармен смайликтер суретімен амандасу сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу.

ә). Топ ережесін еске түсіреді.

б). Топтастыру.








Сап түзеп тұру арқылы Random Group Generator - ClassTools.net

Көмегімен топқа бөлу

І-топ:

ІІ-топ

ІІІ -топ

Топтың ережесі:

  1. ТҚЕ сақтау.

  2. Топ басшысына бағыну.

  3. Белсенді болу.

  4. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

  5. Уақыт шегінде жұмыс жасау.


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне , тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.





Random Group Generator - ClassTools.net

Көмегімен топқа бөлу


Жаңа сабаққа кіріспе


Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Жаттығу жасайды.





Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

«Кинометафора» әдісі бейнеролик кору

Бүгінгі сабақта:

Сіздің білетініңіз:

нәруыздардың қасиеттері мен биологиялық қызметтерін сипаттау.

1. Нәруыздарға анықтама беріңдер.
2.Аминқышқылдары дегеніміз не?

3. Тірі ағза нәруыздарының құрамына қанша аминқыш қыл дары кіреді?

4. Нәруыздар ыдыраған кезде қанша энергия бөлінеді?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

https://www.youtube.com/watch?v=fVkActauPEk

https://www.youtube.com/watch?v=gizhDtUPABo


Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Уақыт шеңбері” әдісі


Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.

Мақсаты: идеялар ,тәжірибе алмасу, ой бөлісу, өзіңді және өзгелерді алға бастыру

Дескриптор: Жалпы 3- балл

Ағзадағы нәруыздардың негізгі үш қызметін анықтайды


Тақырып бойынша кітаппен суретпен жұмыс жасау


Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады

1.Тапсырма

Нәруыз молекуласының
құрылысын анықтайды

Дескриптор: Жалпы 3- балл

1.Сызбаны сызады,талдайды

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


ПИЗА тапсырмасы

Нәруыздың құрамы мен құрылысы

Нәруыз — молекулалары өте күрделі, аминқышқылдарынан құралған  тек тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс.

Олар жер бетіндегі тіршіліктің негізі, организмнің тірек жүйесі, бұлшықет, жамылғы ұлпалары ақуыздардан құралған. Организмде әртүрлі маңызды қызмет атқарады: химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б.

Ақуыздардың құрамы мен құрылысы өте күрделі. Молекулалық массалары жүздеген мыңнан миллионға дейін жетеді. Олардың құрылымы бұзылса, денатурацияға ұшырап, организмдегі қызметін атқара алмайды. Ақуыздар гидролизденіп, аминқышқылдарына ыдырайды және өздеріне тән түсті реакциялары бар.

  1. Нәруыздың құрамында не кездеседі?

Жауап Нәруыз құрамында 50,6 – 54,5% көміртек, 21,5 – 23,5% оттек, 6,5 – 7,3% сутек, 15 – 17,6% азот, 0,3 – 2,5% күкірт бар, кейде фосфор кездеседі

  1. Ақуыз жасуша құрамына кіретін тірі құрылымдар

 ядро, митохондрия, рибосома, цитоплазма


3-тапсырма. Нәруыздардың атауларын қызметтерімен сәйкестендіріңіз.

Нәруыздар

Жауап

Биологиялық қызметтері




Гемоглобин


А. Ағзаны ауру тудыратын бактериялардан қорғайды.



Антидене


Б. Жануарлардың мүйізі, тұяғы құрамында болады.



Кератин


В. Оттегі мен қоректк заттарды тасымалдайды.




Инсулин


Г. Ағза жасушаларының глюкозаны сіңіруін реттейді.

4-тапсырма. Нәруыздардың негізгі қасиеттерін атаңыз. _________________________________________________________________________________________________

Тапсырма жауаптары, критерийлері

Тапсырма 3. Гемоглобин –В, Антидене-А, Кератин-Б, Инсулин-Г.

Тапсырма 4. Нәруыздардың негізгі қасиеттеріне денатурацияға ұшырау, суда ерігіштігінің әртүрлі болуы жатады.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Нәруыздардың қасиеттерін біледі.

Нәруыздардың қасиеттерін атайды.

Нәруыздардың тірі ағзалардың тіршілігі үшін маңызын сипаттайды.

Нәруыздардың маңызын атайды.

Нәруыздардың қызметін атайды.

.

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рисунок 23



ПИЗА тапсырмасы

Нәруыздың құрамы мен құрылысы

Нәруыз — молекулалары өте күрделі, аминқышқылдарынан құралған  тек тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс.

Олар жер бетіндегі тіршіліктің негізі, организмнің тірек жүйесі, бұлшықет, жамылғы ұлпалары ақуыздардан құралған. Организмде әртүрлі маңызды қызмет атқарады: химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б.

Ақуыздардың құрамы мен құрылысы өте күрделі. Молекулалық массалары жүздеген мыңнан миллионға дейін жетеді. Олардың құрылымы бұзылса, денатурацияға ұшырап, организмдегі қызметін атқара алмайды. Ақуыздар гидролизденіп, аминқышқылдарына ыдырайды және өздеріне тән түсті реакциялары бар.

  1. Нәруыздың құрамында не кездеседі?


Жауап Нәруыз құрамында 50,6 – 54,5% көміртек, 21,5 – 23,5% оттек, 6,5 – 7,3% сутек, 15 – 17,6% азот, 0,3 – 2,5% күкірт бар, кейде фосфор кездеседі


  1. Ақуыз жасуша құрамына кіретін тірі құрылымдар

 ядро, митохондрия, рибосома, цитоплазма 


3-тапсырма. Нәруыздардың атауларын қызметтерімен сәйкестендіріңіз.

Нәруыздар

Жауап

Биологиялық қызметтері




Гемоглобин


А. Ағзаны ауру тудыратын бактериялардан қорғайды.



Антидене


Б. Жануарлардың мүйізі, тұяғы құрамында болады.



Кератин


В. Оттегі мен қоректк заттарды тасымалдайды.




Инсулин


Г. Ағза жасушаларының глюкозаны сіңіруін реттейді.

4-тапсырма. Нәруыздардың негізгі қасиеттерін атаңыз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Нәруыздардың қасиеттерін біледі.

Нәруыздардың қасиеттерін атайды.

Нәруыздардың тірі ағзалардың тіршілігі үшін маңызын сипаттайды.

Нәруыздардың маңызын атайды.

Нәруыздардың қызметін атайды.



Тапсырма жауаптары, критерийлері

Тапсырма 3. Гемоглобин –В, Антидене-А, Кератин-Б, Инсулин-Г.

Тапсырма 4. Нәруыздардың негізгі қасиеттеріне денатурацияға ұшырау, суда ерігіштігінің әртүрлі болуы жатады.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!