Материалдар / "Табиғатты аяла!"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Табиғатты аяла!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғаттың адам өміріндегі маңызы. Қарқаралы сұлулығы!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2018
470
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
770 тг 693 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырып: Қарқаралының тарихыКіріспе сөз.Сарыарқа даласының төскейінде жатқан Қазақстанның Швейцариясы атанған қасиетті Қарқаралы сан тараулы шежіресімен тамырласып, тарихтың терең қойнауында жатқан өлке. 1824 жылы қаланған Қарқаралы бүгінде 194 жасқа толып отыр. «Қарқаралы» атауының шығуы, қалыптасуы туралы түрлі деректер мен пікірлер қарастырылған. Егер біреулер этнографиялық (қарқара - бас киім ) негізде ғана қарастырса, кейбіреулері саяси - тарихи (Қырқырхан) тұрғыдан, ал енді біреулер географиялық жағынан (қыр-қыр жоталар) ендігі кейбіреулері экологиялық жағынанда қарастырды. Нәтижесінде, қай тұжырымның дұрыс немесе бұрыс екендігі туралы шешімдер әлі күнге дейін өз жауабын таба алмаған еді. Қарқаралы өңірі Еуразияның кіндігінде орналасқан. Қарқаралы тек өзінің әсем табиғатыменен ғана ерекшеленіп қоймайды. Ол – Орталық Қазақстан өңірінің ұлттың бетке ұстар игі жақсылардың табан ізі қалған қасиетті, құтты мекен. Қарқаралы өңірінің қасиетті топырағында қоғам қайраткерлері, жез таңдай шешендер, аққу үнді күміс көмей әншілер, қалың жұртшылықты өз өнерімен тәнті еткен талант иелері дүниеге келген жер. Ел басының бірлігін қорғаған Қазыбек би, ер жүрек ақын- композитор Мәди Бапиұлы, шертпе күйдің атасы Тәттімбет, орақ тілді Кенже бидің, Шөже сияқты ақындардың дүниеге келген жері. Қарқаралы – қазақ халқының тарихындағы алар орны айрықша құтты да құнарлы жерлердiң бiрi. Қарқаралы табиғатын айтатын болсақ, сөз жетпейді. Құнарлы топырағыменен, сыңғырлап аққан бұлағы, заңғар биік таулары, хош иісімен аңқыған, жайқалған гүлдері, ну қалың орманы айта берсең тағысын тағы. Әркімге болмасын туған жері ыстық. Қазақта туған жерге байланысты мындай мақал бар « Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» , «Отан – оттанда ыстық» және т.б. Шынында да қай өлкеге барсаңда, қай жерге барсаңда, туған жеріңе, туған өлкеңе жететін ештеңе жоқ. Мен үшін туған жерімнің әрбір тасы да, топырағыда қымбат. Мен Қарқаралыда туып, Қарқаралымды мақтаныш етемін! Әрдайым, туған жеріме деген сүйіспеншілік өшпейді, ол мәңгі! Менің ойымша әрбір адам өзінің туып өскен жерінің тарихын, тұрып жатқан өлкесін, отанын, жерін, елін сүюі қажет. Елін сүйген адам, жерін сүйген адам халқының сүйіспеншілігіне иеленеді. Әрбір адам өзінің туған жеріне қызмет етуі керек. Мейлі, басқа жаққа оқумен, жұмыспен не болмаса көшіп барғанда да туған жерін ұмытпауы тиіс. Кіндік қаның тамған жерін сен үшін қашанда ыстық болатыны сөзсіз. Туғанжерге деген құрмет әрқаан биік болу керек. Мен Қарқаралыда тұрғанымды мақтан етемін! Қарқаралым жүрегімнің бір бөлшегі. Мен осы Қарқаралыда тұрғанымды мақтан етемін! Мақтанышпен айта аламын. Қарқаралы арқадағы Гүлістан! Жайна, жаса, гүлдене бер! Елін, жерін сүйетін дарынды тұлғаларың көбейсін! Мен Қарқаралымды мақтаныш етемін! Бұл сөзді қайталап айтудан да жалықпаймын. Себебі сен жүрегімдесің Қарқаралым! Әнімде, сәнімде сенсің Қарқаралы!

Пайдаланылған әдебиеттер:
  • «Қасиетті мекен- Қарқаралы» кітабы Шаймұқанов Д.А, Шаймұқанова Р.А, Аршабеков Т.Т, Шахарбаев Т.М.
  • «Қарқаралы тарих толқынында» Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.- Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004жыл
























































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!